«ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін елордалық Достық үйінде, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мен Діндерді зерттеу орталығы ұйымдастырған «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға діни бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың басшылары, азаматтық және ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты.

Іс-шараның ашылуында Астана қаласы Дін істері жөніндеі басқармасының басшысы Н.Әлмұханов: «Адамның өмір бойы көптеген әлеуметтік рөлдері бар. Бірақ жеке тұлғаның қалыптасуы негізі-отбасыда қалыптасады. Айналадағы дүниеге көзқарасы отбасында қалыптасады, еліміздің дені сау, табысты, бәсекеге қабілетті азаматын сипаттайтын қасиеттер тәрбиеленіп, бойына сіңіріледі» сөз сөйледі.

Іс-шараның мақсаты қоғамдағы отбасы институтын нығайту жолдарын анықтау, «Отбасы мектебі» отбасылық құндылықтарды дамыту бойынша стратегиясын құру, діндер, ұлттар мен этностардың конфессиялар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу болып табылады. Кездесуге қатысушылар кез келген адамның қоғаммен қарым-қатынасының, еңбегінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының мәні отбасында екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «Бақытты отбасы мектебі» стратегиясы әзірленеді. Дөңгелек үстел барысында алынған сұрақтарға жауаптар, мәселені шешудің ортақ көзқарасын анықтауға көмектеседі және отбасымен жұмыс істейтін орталықтар үшін қосымша ақпарат пен ұсыныстар ретінде пайдалы болады.