ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Барша мұсылман жұртын келіп жеткен Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз!

Құрбан айт - иманды күшейтетін, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай болуға насихаттайтын асыл мереке. «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Айт күні адамдар құрбан шалумен шектеліп қоймай, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Жаратушының рақымына жақындай түседі.

Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілейміз. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын!