РММ №64 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ СОТТАЛУШЫЛАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дін істері жөніндегі басқармасының бастамасымен Діндерді зерттеу орталығы Астана қаласы ҚАЖД қарасты *РММ №64* түзету мекемесінде сотталушылармен кезекті кездесу ұйымдастырылды.

Сотталушылармен жалпы кездесу барысында Орталық теологы Бердалиев Исатай «Ораза үкімі» тақырыбында және теолог Тойғылы Дінмұхаммәд «Діндегі шектен шығушылар» тақырыбында дәріс өтті. Сотталушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. 

Кездесуге 20 сотталушы қатысты.

Сондай-ақ сотталушылармен жеке қабылдаулар өткізілді.

Алдағы уақытта мұндай кездесулер жоспар бойынша жалғасын табатын болады.