ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

Абай облысындағы орман шаруашылығында еңбек етіп жүрген 14 қызметкердің өмірін қиған өрт – бүкіл халқымыз үшін қайғылы оқиға. Бұл орны толмас шығын.

Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Құтқарушылардың жақын арада алапат өртті сөндіруін, ал тұрғындардың үйлеріне аман-есен оралуын тілейміз!