ЖАСТАРДЫҢ ДӘСТҮРІМІЗГЕ ЖАТ ИДЕОЛОГИЯҒА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2023 жылдың 3 сәуірінен Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес жастардың дәстүрімізге жат идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыруға бағытталған жаңа форматтағы ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары бастау алды.

Бұл жобаның кезекті шарасы 25 мамыр күні сағат 16:00-де Назарбаев университетінде өтеді. Аталмыш кездесуге «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан имам, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, Астана қаласы әкімдігінің «Діндерді зерттеу орталығының» теологы Арман Нұрахметұлы қатысады.