ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде мектеп бітірген оқушыларға арналған «Жолың болсын, жас түлек» атты мерекелік шара ұйымдастырылады.

Спикерлер ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Дәуешов Еркін Дәуешұлы және психология ғылымдарының кандидаты Нұрадинов Алмат Сәбитұлы сөз сөйлеп, жас түлектерге ізгі тілектерін білдірді.

Іс-шараға 1000-ға жуық жас түлек қатысты.