27 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ АСТАНА ҚАЛАСЫ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ДІНДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ЕЛОРДАМЫЗДЫҢ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, халықтың діни сауаттылығын арттыруға, Қазақстан халқының дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттауға, экстремистік идеяларға қарсы «иммунитетті» нығайтуға және Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасын түсіндіруге бағытталған. Семинарда әлеуметтік желінің қатері мен жастарды деструктивті діни ұйымдардың қызметіне тартудың алдын алу туралы тақырыптар қозғалды.

Іс-шараға ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы Ердәулет Кенжеханов, қалалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұхагов, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдері, дінтанушылар мен сарапшылар қатысты.