5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі!

Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Сіздерді Қазақстан халқы Тілдері күні мерекесімен құттықтаймыз! Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі, себебі тіл адамның қарым-қатынас, ойлану құралы, сондықтан ол – адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы.