ЕЛОРДАЛЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫ

Нұр-сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығы «Оқу - білім бұлағы» тақырыбындағы үздік эссе конкурсының басталғаны туралы хабарлайды. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және көрнекті қазақ ғалымы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай өткізіледі.

Конкурсқа тек елордалық жалпы білім беретін мектептердің оқушылары (8-11 сыныптар) және ЖОО мен колледж студенттері қатыса алады (оқу орнынан Анықтамамен расталады). Магистранттар мен докторанттар Конкурсқа жіберілмейді. Қатысу тегін және ерікті түрде жүргізіледі. Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары эссе жұмысын кемінде 2 парақта, ал ЖОО мен колледж студенттері кемінде 3 парақта А4 форматында тапсыруы тиіс.

Қатысушылар өз жұмыстарын өздері таңдаған тақырыптарға жібере алады, мысалы, көрнекті ғалымның рухани және шығармашылық мұрасы; Ыбырай Алтынсариннің ғылыми-шығармашылық еңбектері; Ыбырай Алтынсариннің ғылым мен білімге қосқан үлесі; Ыбырай Алтынсарин идеяларының Қазіргі Қазақстандағы өзектілігі; көрнекті қазақ ағартушысы-педагог, жазушы, этнографтың Қазақстан тарихындағы рөлі мен маңызы; Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласы тарихындағы білім берудің негізін салушы атасы.

Дайын жұмыстарды қабылдау және тіркеу 12 қараша - 2 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Бірінші орын үшін жүлде - 300 мың теңге сомасындағы Сертификат, екінші орын үшін – 150 мың теңге сомасындағы Сертификат, үшінші орын үшін-50 мың теңге сомасындағы Сертификат.

ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

  • шығарманың конкурстың тақырыптық бағыттарына сәйкестігі;
  • тақырып бойынша теориялық және нақты материалдарды меңгеру;
  • авторлық мәтіннің қисындылығы;
  • жалпы гуманитарлық білім;
  • академиялық мәтінді ұйымдастыру дағдысы, байланысы, жүйелілік, мазмұндау жүйелілігі, жазу мәдениеті, сауаттылық;
  • жеке пікірін білдіру дәрежесі.

ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН МІНДЕТТІ КРИТЕРИЙЛЕР:

Конкурсқа қатысушылар Instagram әлеуметтік желісінде @elorda_din @din_nur_sultan @nurdaulet_almukhanov @maditaipin парақшаларына жазылу керек.

Қатысушылар Орталықтың Instagram әлеуметтік желісіндегі @elorda_din ресми парақшасындағы Конкурс туралы постты «Қазақтың көрнекті ғалымы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Оқу-білім бұлағы» атты эссе конкурсына қатысамын» деп жазу арқылы репост жасауы тиіс, сонымен қатар #EssayElorda_Din2021 хэштегін пайдаланып, @din_nur_sultan @nurdaulet_almukhanov @elorda_din @maditaipin ресми аккаунттарын белгілеу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Конкурсқа қатысушылар өздеріне қатысты деректерін (аты-жөні, жасы, жынысы, оқу мәртебесі) көрсете отырып, оқу орнынан Анықтаманы және дайын эссені PDF форматында сканерленген түрде қосу арқылы арнайы құрылған сайтқа (сілтеме осы жерде бекітіледі*) өтінім береді.

Егер өтінім тиісті түрде ресімделмеген болса немесе оқу орнынан алынған Анықтамада оқу орнының тиісті мөрі болмаса, сондай-ақ, жазбаша ЭССЕ жазылуы анық болмаса - Өтінім автоматты түрде қабылданбайды!

Конкурсқа қатысушыларды ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету үшін байланыс телефон жұмыс жасайды: + 7 705 143 62 44 (WhatsApp).

Орталық Конкурс ұйымдастырушысы ретінде конкурстың материалдарын коммерциялық емес мақсаттарда (Конкурсты жарнамалау мақсатында көшірмелеу, әдістемелік және ақпараттық басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін, оқу мақсаттарында) пайдалану құқығын өзіне қалдырады. 

Діндерді зерттеу орталығы