АСТАНАДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ МЕН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2023 жылғы 18 қазанда Астанада Рухани келісім күні мен Республика күніне арналған халықаралық конференция өтті. Пленарлық отырыс «Рухани келісім - қазіргі қоғамның сын-қатерлері жағдайындағы бейбітшілік пен бірліктің негізі» тақырыбында болды.

Семинарға Астана қаласы маслихатының төрағасы Е.Каналимов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Байкен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов, Рухани келісім күні идеясының авторы, ҚР еңбек сіңірген қоғам қайраткері Т. Мұхамеджанов, діни бірлестіктердің басшылары, ҚР-дағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, сондай-ақ Ливан, Германия және Ресейден қатысушылар қатысты.

Қонақтар өз сөздерінде бұл күннің ерекше маңыздылығын және Республикамыздағы бірлігі мен берекесін сақтаудағы рөлі жоғары екендігін айтты.

Конференциядан кейін Бейбітшілік және келісім сарайының «Опера» залында салтанатты гала-концерт өтті.