ҚАЖД ҚАРАСТЫ РММ №64 МЕКЕМЕСІНДЕ СОТТАЛУШЫЛАР МЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жазасын өтеушілерге жат ағымнан жирену жолдары түсіндірілді.

Астана қаласы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасына бағынысты Діндерді зерттеу орталығының теологтары Астана қаласы ҚАЖД қарасты РММ №64 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандармен кездесу ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда Дін істері жөніндегі басқармасына бағынысты Діндерді зерттеу орталығының мамандарымен жат ағымнан сақтану жолдарын насихаттау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады. Сондай іс-шараның бірі №64 түзету мекемесінде өткізілген болатын.

Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың қоғамға төндірер залалдары туралы ақпараттар берілді. Діндерді зерттеу орталығының теологтары Б. Қожагелдиев, Б. Доғанбаев «Жат ағымдардан сақтану» тақырыбында лекция оқыды. Сондай-ақ, аталған орталықтың психологы

Ж. Садықова жазасын өтеушілердің психологиялық тұрғыдан жағдайын анықтап, «Психологиялық сақтану жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Мамандарымыз тарапынан жазасын өтеуші 25 адамның сұрақтарына толықтай жауаптар беріліп, кейбір сотталушыларға жеке қабылдаулар өткізілді.