БАРША ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН КӨРІСУ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ежелгі заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Бұл күні бүкіл ағайын-тума әу­леттің бас иесіне, ауыл-аймақ сол жердің ақсақа­лына, жасы кіші үлкенге ар­найы барып, қол беріп көрісіп, «бір жасымен» құт­тықтайды.

Көрісу күні — пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиіп, адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, бір-біріне тілектерін айтатын күні.

Осындай ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін тамаша мерекеде барша адамзатқа молшылық пен береке тілейміз!