Бүгін Елордада қайырымдылық акциясы өтті

Акция барысында мұқтаж жандарға азық-түлік және ыстық тағам таратылды. 1300 тағам қораптарының 200-і елорда тұрғындарына, қалғаны еліміздің 5 облысы пен 4 ауданына және Риддер қаласындағы өрттен жапа шеккендерге берілді.⠀

Акцияға БАӘ-нің ҚР-дағы Елшілігінің саяси, экономикалық және медиа мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Мира Альазизи, Дін істері басқарма басшысы Нұрдаулет Иманәліұлы және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысты.⠀

Аталған іс-шаранының демеушісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі.