Елордада дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған семинар өтті

30 сәуір күні дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері үшін оқыту семинары өтті. «Деструктивті идеологияның таралуына жол бермеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің өзектілігі мен тиімділігі» тақырыбындағы жиында «Әзірет Сұлтан» Республикалық мешітінің бас имамы Жүсіпов Ерболат, ЕҰУ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Дүйсенғазин Серікзат, сарапшы-психолог Шакимова Лола, Гумилев атындағы ЕҰУ философия ғылымдарының кандидаты, дінтану кафедрасының доценті Тышхан Кеңшілік. Л.Н. Гумилев сондай-ақ, дін саласының үздік мамандары сөз сөйледі.



​Семинар барысында қатысушылар жастар ақпараттық-түсіндіру тобы және HUB-дінтанушылармен бірге жүргізілетін жұмыстың жаңа әдістерін жаңғырту бойынша мәселелерді, сондай-ақ, дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізудің психологиялық және мазмұндық аспектілері туралы талқыланды.