Дінтану пәнінің психологтары мен оқытушыларына арналған оқыту семинары өтті

Бүгін елордада «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың 2021 – 2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарын» іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен оқушылар сарайында «Дінтану пәнін оқытудың ерекшеліктері: әдістемесі және мазмұны» тақырыбында Дінтану пәнінің психологтары мен оқытушыларына арналған оқыту семинары өтті.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасы басшысы Н.И. Әлмұханов, PhD-доктор Р.Кемербай, доцент К. Тышхан, философия ғылымдарының кандидаты, доцент З.Б Малгараева және дінтану магистрі А. Антипин қатысты.

Сондай-ақ, семинар барысында мұғалімдерге Мемлекет және қоғам қайраткері, академик Ғарифолла Есімнің бейне үндеуі көрсетілді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты дінтану пәнінің психологтар мен оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, мектеп оқушылары үшін діни экстремизм идеяларының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізудің жұмыс әдістерін жетілдіру болып табылады.