ЕЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

2023 жылғы 21 желтоқсанда Діндерді зерттеу орталығы Астана қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен мемлекеттік қызметшілер үшін біліктілікті арттыру бойынша семинар өткізді.

Семинар 2 секцияға бөлінді. Бірінші секцияның отырысы құқық қорғау органдарының өкілдері үшін ұйымдастырылса, екінші секция өңірлік және орталық мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін ұйымдастырылды.

Семинарда Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары айтылып, Діни экстремизмнің алдын алуда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, халықтың деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетін дамыту, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсарту туралы талқыланды. Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.

Іс-шараға Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, аға кеңесші Нұрмағамбетов Бүркіт Ғалымұлы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық Мемлекеттік саясат мектебінің директоры Жақиянов Талғат Жардемқұлұлы, Дін істері басқармасының бас маманы Романова Адия, теолог, исламтанушы Арман Нұрахметұлы, психолог, Дін мәселелері бойынша сарапшы Жаңабергенова Жұлдыз қатысты.