Елорданың мұсылман жамағатына діни танымдық дәрістер ұйымдастырылып тұрады

Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығында елорданың мұсылман жамағатына діни танымдық дәрістер ұйымдастырылып тұрады.

Оның ішінде «Ислам лингвистикасы», «Ислам тарихи» және «Діни құқық негіздері» сынды тақырыптар қамтылады.

Қазіргі таңда дәріске он беске жуық ер және әйел жамағаты тұрақты түрде қатысады. Олар орталықтың теолог мамандарынан дін тақырыбына байланысты сұрақтарына жауап ала алады.

Айта кетейік, дәрістердің барлығы тегін өткізіледі. Сонымен қатар, жақын арада орталыққа келушілерге арнап кітапхана ашу жоспарда бар.

Қандай да бір діни ақпарат алғыларыңыз келсе, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, iKomek – 109 нөмірі арқылы хабарласа алатындарыңызды және Нәжімеденов 10/1 мекен-жайы бойынша келулеріңізге болатынын ескертеміз!