ЕРНАЗАРОВ АЛМАС ӘЗІМХАНҰЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ДІНДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алмас Әзімханұлы еңбек жолын 2006 жылы ОҚО мәдениет басқармасында бас маман және бөлім меңгерушісі болып бастаған. Сондай-ақ, «Астана қаласы архивтер және құжаттама басқармасы» ММ, «Ұлттық археография және деректану орталығы» ММ және «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық компаниясы» АҚ-да бірнеше лауазымдарда қызметтер атқарған.

2019 жылдан бастап Діндерді зерттеу орталығында оқытушы-модератор ретінде белсенді жұмыс жасады. Қазіргі уақытқа дейін Орталықтың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.