Мектеп бітіруші түлектерге «Жолың болсын, жас түлек» атты мерекелік іс-шара өтті

Қалалық білім басқармасы, Дін істері басқармасы мен ҚМДБ ұйымдастырған іс-шараға 3 000-ға жуық түлек қатысты.

Мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған жас түлектерге ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Дін істері басқармасы басшысы Нұрдаулет Иманалиұлы насихат айтып, ізгі тілегін білдірді. Үлкендердің ақ батасын алуға асыққан жас түлектерге белгілі қоғам қайраткері, республикалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевта өз батасын берді.

«Жолың болсын, жас түлек»