ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ү.ж. 17-22 тамыз аралығында Нұр-сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы бағытында 40-тан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Дінтанушылар, теологтар, психологтар және өзге де білікті мамандардың қатысуымен мақсатты топтар арасында діни экстремизмнің алдын-алу және халықтың антитеррористік санасын қалыптастыру бағытындағы кездесулер мен дәрістер өткізіледі.

Іс-шаралар барысында мемлекеттің дін саласындағы саясаты түсіндіріліп, азаматтардың діни білімін көтеруге бағытталған ақпараттар ұсынылады, тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар беріледі.

Сонымен қатар, білікті мамандар теріс пиғылды діни ағымдардың тигізер зардаптары мен олардың арбауына түсіп қалудан сақтандыру жолдары туралы кеңінен түсіндіреді.

Ү.ж. 17 тамызда «Big Шанхай». «Орталық базар», «Шарын», «Көк базар», «Алаш» базарлары мен «Джафар», «Ажар», «Әлем», «Ырысты» сауда орталықтары және «Тұлпар», «Астаналық», «Шапағат» сауда үйлерінде 10-нан астам іс-шара өткізіледі.

Ү.ж. 18 тамызда «Коктал», «Титан авто», «Эталон», «Қамқор» базары мен «Сәлем», «Саянұр», «12 Месяцев» (бас орталық), «12 Месяцев» (филиалы), «Мереке» сауда үйлерінде және «Он олжа» сауда орталығында 10-нан астам іс-шара өткізіледі.

Ү.ж. 20 тамызда «The Ritz-Carlton», «Дипломат», «Radisson», «Hampton by Hilton Astana Triumphal Arch», «The ST. regis Astana», «Comfort Hotel», «Hilton Astana», «NCity Hotel», «Rixos President Astana», «Astana Marriot Hotel» қонақ үйлерінде 10-нан астам іс-шара өткізіледі.

Ү.ж. 21 тамызда «Jumbaktas Astana Hotel», «MAXX inn», «Традициональ», «AYKUN Hotel», «The ST. regis Astana», «Goldman Empire», «Pioner», «The ONE Hotel Astana», «Alanda Hotel», «Ibis» қонақ үйлерінде 10-нан астам іс-шара өткізілуі жоспарланған.

Нұр-сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығы