Астана қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері құрбандық шалынатын орындар анықталды. Бұл туралы елорда әкімдігі Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасына сілтеме жасап жасап хабарлайды.
Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында өтеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес қала мешіттерінде 28 маусым күні сағат 6.00-де «Айт намазы» оқылады.
Астана қаласында бекітілген орындарда құрбандық шалу 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.
«Құрбан айт» мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «109» Call-center жұмыс жасайды.