Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары! Баршаңызды елордамыздың қала күнімен құттықтаймыз

Күллі әлем үшін астанамыз Нұр-Сұлтан Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық саналады. Ол– халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғырына айналған. Дамудың даңғыл жолындағы бүгінгі бас қала – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі.


Баршаңызды әсем қала елордамыздың қала күнімен құттықтаймыз. Өркендеп, қанатын кеңге жайып, көркейіп келе жатқан елордамыздың игілігі мен тұрақтылығы үшін атқарып келе жатқан істеріңізге табыс.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!