РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ

1992 жылы 18 қазанда Алматыда 1-ші Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресі өтті. Адамзат тарихында алғаш рет барлық діндердің, рухани қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бір үстелге жиналды.

Рухани келісім күні Қазақстан халқының сан ғасырлық даналығын, қоғамның рухани бірлігі мен келісімін білдіреді.

Сіздерді Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт пен береке тілейміз!