ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

2024 жылғы 24 ақпан күні Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасына бағынысты «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - Орталық) мамандары ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «№64 мекемесінің» қызметкерлеріне «Жазасын өтеушілермен қарым-қатынасты реттеу модульдері» тақырыбында офлайн дәріс ұйымдастырылды.

Дәріс барысында Орталық теологы Бердимурат Касимов пен психолог Жанагул Садыкова аталған мекеменің 11 қызметкеріне сотталғандармен байланыс орнату, оның ішінде діни сенімі бар азаматтармен қарым-қатынасты дұрыс орната білу, қызметкерлер өз тарапынан күнделікті кездесетін мәселелерді ортаға салып, кәсіби психологтан кеңестер алды.

Лекция тыңдаушыларына Орталық атынан әдістемелік құралдарымен қатар, сертификаттар да табысталды.