«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы»

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарма мамандары, орталығымыздың теологтары мен діни бірлестік өкілдері елорда әкімі А. С. Көлгінов пен елордалық маслихат хатшысы Е. Каналимовтың қатысуымен болған онлайн отырысқа қатысып, Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылады.


Мемлекет басшысы: «Осы күндерде жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық», – деген болатын.


Іс-шараға Әулие Мария Архиепархиясында Архиепископ Т. Пэта, Нұр-Сұлтан қаласының бас раввині К. Шмуэль, Успен кафедралды соборының аға ключарі Д. Байдек қатысты. «Жолдауда айтылған реформалар жаңашылдыққа бастар баспалдақ. Бізде өз кезегімізде бар күш-жігерімізді салып, жаңа қазақстан құруға үлесімізді қосамыз»,- деп діни бірлесік жетекшілері өз қолдауларын жеткізді.