БАРША ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН КӨРІСУ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ежелгі заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Бұл күні бүкіл ағайын-тума әулеттің бас иесіне, ауыл-аймақ сол жердің ақсақалына, жасы кіші үлкенге арнайы барып, қол беріп көрісіп, «бір жасымен» құттықтайды.
Көрісу күні — пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиіп, адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, бір-біріне тілектерін айтатын күні.
Осындай ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін тамаша мерекеде барша адамзатқа молшылық пен береке тілейміз!