Басшылық
Ерназаров Алмас Әзімханұлы
Алмас Әзімханұлы еңбек жолын 2006 жылы ОҚО мәдениет басқармасында бас маман және бөлім меңгерушісі болып бастаған. Сондай-ақ, «Астана қаласы архивтер және құжаттама басқармасы» ММ, «Ұлттық археография және деректану орталығы» ММ және «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық компаниясы» АҚ-да бірнеше лауазымдарда қызметтер атқарған.
2019 жылдан бастап Діндерді зерттеу орталығында оқытушы-модератор ретінде белсенді жұмыс жасады. Қазіргі уақытқа дейін Орталықтың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
Абдуллов Бексұлтан Төреханұлы
Абдуллов Б. Т. 1994 жылы 27 ақпанда Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласында дүниеге келген. Бексұлтан Төреханұлы еңбек жолын 2016 жылы «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ-де хатшы қызметінен бастаған. Соңғы жылдары Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
«Дінтану» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалавры және Магистрі дәрежесіне ие. Қазіргі уақытта «Дін және теология» мамандығы бойынша Л. Н. Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университетінің» PhD докторантурасында оқиды.
Тоқбай Ерлан Дайрабайұлы
Тоқбай Е.Д. 22 желтоқсан 1968 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек елді мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары – Ұлттық Қорғаныс университеті «Оперативті-тактикалық Әскери басқару» мамандығы бойынша магистірі . Әскери қызметтерде 35 жылдан астам еңбек өтілімі бар. 1988 жылы «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Ауған соғысының ардагері.
2022 – 2023 жылдар аралығында Атырау облысы Білім басқармасының «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей интернатының директоры қызметін атқарған.