Жалпы ақпарат
Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығы діни ахуалды зерттеумен, оған талдау жасаумен, қарапайым халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен, сондай-ақ деструктивті және жалған діни ағымдардың ықпалына түскен адамдарға көмек көрсетумен айналысады.
Орталық міндеттері:
- діни бірлестіктермен байланыс, азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- діни бірлестіктердің, діни білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру саласындағы үдерістерді талдау мен нәтижелерін жинақтап қорыту, жан-жақты және объективті зерделеу.
Орталық функциялары:
- азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;
- жақын және алыс шет елдерінің тәжірибесін зерделеу және діни бірлестіктермен өзара iс-қимыл саласында халықаралық және аумақтық байланысты кеңейту;
- өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізу;
- діни әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды зерделеу және талдау;
- өңірде құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының, қайырымдылық мекемелер мен қорлардың қызметін зерделеп, оған талдау жүргізу.