А.ж. 30 мамыр күні, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен  елордалық Достық үйінде «Балаларды қорғау еліміздің болашағын қорғаумен тең» және Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өтті. 

Аталмыш іс-шарада – қоғамда балалар арасында жиі орын алып жатқан негізгі проблематикалық тұстарды айқындалды. Солардың ішінде балалар арасындағы қақтығыстар мен буллинг, лудамания, отбасылық институт, жыныстық тәрбие және т.б. Діни бірлестіктердің бала тәрбиесіне тигізер үлесі мен әсерін талқыланды. Сонымен қатар, келе жатқан Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты мемлекеттік рәміздерді қабылдау және құрметтеу туралы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қоса,  акция аясында балаларды келе жатқан мерекелеріне орай қуантып, бұл күнді ерекше ету мақсатында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталды.

Дөңгелек үстелге Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Көшқали Қайролла Дүйсешұлы, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Хатиев Әнуар Нұрманұлы, Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джумалиева Ләззат Төребекқызы, Астана қаласының бас имамы Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы, Успен Соборының басшысы Дмитрий Байдек, «Астанадағы Қасиетті Мәриям Рим-католиктік Архиепархия» діни бірлестігінің басшысы Томаш Бернард Пэта, «Астана қ. Еврей діни қауымдастығы» ЖДБ басшысы Карнаух Шмуэль, «Інжілдік-Лютерандық Шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі басшысы Новгородов Юрий Тимофеевич, «Бахаи қауымдастығының Қоғамдық ақпарат кеңсесінің директоры» Янгалиева Ляззат Мухамедьяновна.