2024 жылдың 17 сәуір күні Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы №70 мектеп лицей білім алушыларына «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбы аясында ақпараттық түсіндіру шарасын өткізді.

Кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.