«БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫН ҚОРҒАУМЕН ТЕҢ» ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
А.ж. 30 мамыр күні, Астана қаласы Дін істер басқармасы ұйымдастыруымен «Балаларды қорғау еліміздің болашағын қорғаумен тең» және Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиында діни бірлестік ұйымдарының басшылары, сондай-ақ Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Көшқали Қайролла Дүйсешұлы, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Хатиев Әнуар Нұрманұлы, Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джумалиева Ләззат Төребекқызы, ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Овечкина Юлия Руслановна бас қосты.
Іс-шара барысында қоғамда балалар арасында жиі орын алып жатқан қақтығыстар мен буллинг, лудамания, отбасылық институт, жыныстық тәрбие және т.б. сынды негізгі проблематикалық тұстар қарастырылып, олардың қауіпсіз өмір сүру мақсатындағы мемлекет қарастырар жағдайлар туралы тақырыптар талқыланды. Сонымен қатар, келе жатқан Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты Джумалиева Ләззат Төребекқызы мемлекеттік рәміздерді қабылдау және құрметтеу туралы, және оның тарихы туралы өз баяндамасын айтты. Осыған қоса, акция аясында балаларды келе жатқан мерекелеріне орай қуантып, бұл күнді ерекше ету мақсатында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталды.