ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ САҚТАЛУЫ ТИІС
Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен а.ж. 13 тамыз күні «Москва» бизнес орталығының мәжіліс залында білім беру мекемелеріндегі педагогттердің дін саласына қатысты біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп қабырғасында зайырлылықтың негізгі принциптерін сақтау, мектеп формасының маңыздылығын ескеру, оқушыларды деструктивті діни ағымдардардың ықпалынан қорғау, деструктивті діни бағыттағы оқушыларды анықтау жане олармен оңалту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Іс-шара барысында тарихшы мұғалімдерге, психологтарға және мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарларына оқушылармен жұмыс істеудегі негізгі проблемалық мәселелер және олармен осы бағытта қалай жұмыс істеу керектігі жеткізілді.
Қатысушылар үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ә.К. Сейфуллин, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қ.Д. Көшқали, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог-эксперт Ж.О. Сулейменов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы департаментінің басқарма басшысы С.К. Апетова, Дінтанушы, магистр А.Ю. Антипин, «SMQ» дарынды қыздар мектебі директорының орынбасары А.Т. Романова, психолог Г.М. Раздықова, модератор ретінде дін мәселелері бойынша сарапшы А. Нұрахметұлы сөз сөйледі.
Шара барысында мектеп қабырғасында зайырлылықтың негізгі принциптерін сақтау, мектеп формасының маңыздылығын ескеру, оқушыларды деструктивті діни ағымдардардан қорғау, деструктивті діни ағымдардың белгілерін тану және оңалту тиімді жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдеріне, сондай-ақ психология тұрғысынан өзекті проблемалық мәселелердің себептеріне ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, бұл семинар Астанада әкімдігі тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып келеді.