Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы елорда имамдары мен теологтарының біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырды
Іс-шара Қазақстан Республикасының Дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – дін мамандарының біліктілігін арттыру болып табылды.
Қатысушылар үшін Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қ.Д. Көшқали, Астана қаласы “Діндерді зерттеу орталығы” ЖШС директоры А.Ә. Ерназаров, Астана қаласының “Әзірет Сұлтан” мешітінің найб имамы Ж. Ө. Садырханов және Алматы қаласынан арнайы шақырылған «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD А.Ш. Жамашев пен кәсіби-психолог, Профессор PhD доктор Ә.А. Төлегенова, теолог Д.Д. Сақан баяндама жасады.
Шарада қоғамдық келісім мен тұрақты дамудың басты қағидасы ретінде зайырлылыққа, дін қызметкерлерінің халықпен қарым-қатынасына, оңалту саласындағы өзекті мәселелерге, психологиялық әдіс-тәсілдерге және т.б. ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, бұл семинар Астана қаласы діндерді зерттеу орталығы тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып келеді.
Өткізу орны: Астана қ., Республикалық Бас мешіт;
Өткізу уакыты: 2024 жылдың 9 қазаны, сағ. 09:00 – 13:30
Жауапты: Махамбетова Айжан Қанатқызы
Нөмері: +7 707 607 01 60