Аружан сауда саттық орталығында “Ашық Алаң” акциясы өтті
2024 жылдың 12 қазанында Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы «Аружан» сауда-ойын сауық орталығында «Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды.
Акция Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамытудың Кешенді жоспарын орындау шеңберінде өтті.
Іс-шарада ұлттық құндылықтар дәріптеліп, видеороликтер көрсетіліп, «сұрақ-жауап» викторинасы және балалар арасында мақал-мәтел сайысы өткізілді.
Сайыс жеңімпаздарына Детский мир, Magnum және Sulpak магазиндерінен сертификаттар және "Қажымұқан" фильміне кино билеттер табыс етілді.
Акция аясында елорда тұрғындарына деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескертетін, сенімді дереккөздердің, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімін, дін саласындағы заңнаманы, және т.б. қамтитын 3 мыңнан астам ақпараттық брошюралар үлестірілді.
Іс-шараның мақсаты елорда тұрғындарын деструктивті діни ағымдар мен олардың қауіптілігі туралы хабардар ету, діни сауаттылықты арттыру және дін саласындағы заңнамамен танысу болып табылды.
Өткізу уақыты: 2024 жылғы 12 қазан, сағ. 16:00 - 18:00;
Өткізу орны: «Аружан» сауда-ойын-сауық орталығы,
Ілияс Жансүгірұлы көшесі, 8/1
Байланыс: +7 707 607 0160 (Айжан Махамбетова)