“Әрбір бала - бір жұлдыз”
Ағымдағы жылдың 10-шы қазан күні Астана қаласындағы “Діндерді зерттеу орталығы” ЖШС-нің ұйымдастыруымен “Маугли” ойын-сауық кешенінде “Әрбір бала - бір жұлдыз” атты іс-шара өтті.
Шара барасында: «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университетінің қауымдастырылған профессоры, психолог PhD доктор Төлегенова Алия Аманғалиқызы Елордалық әйелдерге психологиялық тренинг, топтық терапия жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар ана мен бала қарым-қатынасы, жасөспірім балалардың психологиясы, ер мен әйел қарым-қатынасындағы қиындықтарды шешу жолдарын мамандармен талқылады. Өзара пікір алмасып, жасөспірім балалар мен аналары психологиялық тренингке белсенді қатысты. Сонымен қатар балаларға Тәуелсіз Қазақстан, ел тарихы, және ұлттық құндылықтар жайында викториналық сұрақтар мен танымдық ойындар ұйымдастырылды. Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылығы мен алғысын білдірді.