«Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясы
Бүгін, 15 қазан - Республика күніне орай Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы «Аружан» сауда-ойын сауық орталығында «Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды.
Іс-шарада ұлттық құндылықтар дәріптеліп, видеороликтер көрсетіліп, «сұрақ-жауап» викторинасы және балалар арасында мақал-мәтел сайысы өткізілді.
Сайыс жеңімпаздарына Детский мир, Magnum және Ostin магазиндерінен сертификаттар және «Қажымұқан» фильміне кино билеттер табыс етілді.
Акция аясында елорда тұрғындарына деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескертетін, сенімді дереккөздердің, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімін, дін саласындағы заңнаманы, және т.б. қамтитын 3 мыңнан астам ақпараттық брошюралар үлестірілді.
Іс-шараның мақсаты елорда тұрғындарын деструктивті діни ағымдар мен олардың қауіптілігі туралы хабардар ету, діни сауаттылықты арттыру және дін саласындағы заңнамамен танысу болып табылды.