Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет Берікұлының “Діндерді зерттеу орталығының” жұмыс барысымен танысу сәті
Бүгін, 17 қазан Діндерді зерттеу орталығына Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет Берікұлы келіп, ұжыммен және ұйымның қызметімен жан-жақты танысты.
Өз кезегінде Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров Орталықтың жұмысын жаңа деңгейге көтеретін басым бағыттарға ерекше назар аудара отырып, жақын болашаққа арналған жоспарлармен таныстырды.
Сондай-ақ әкім орынбасары елордадағы діни ахуалға қатысты “Алқа” радиосына мазмұнды сұхбат берді.
Сапар соңында әкім орынбасары Е. Байкен орталықтың жұмысына оң баға беріп, басшылық пен қызметкерлердің бастамаларына табыс және жемісті қызмет тіледі.