Республика күніне орай «Астаналық» базарда «Ашық алаң» акциясы
Республика күніне орай «Астаналық» базарда «Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті.
Аталған іс-шараны Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Акция аясында елорда тұрғындарына деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескерту, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі, дін саласындағы заңнама және т.б. қамтитын 3 мыңнан астам ақпараттық брошюралар үлестірілді.
Іс-шараның мақсаты – елорда тұрғындарын деструктивті діни ағымдар мен олардың қауіптілігі туралы хабардар ету, діни сауаттылықты арттыру және дін саласындағы заңнамамен таныстыру.
Бағдарламаның ерекшелігі дін саласындағы мемлекеттік заңнамаларды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында арнайы бейнеролик көрсетілді. Халықтың қызығушылығын ояту мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалып, дәстүрлі термелер мен әнші өнерпаздар өз өнерімен көрерменді сүйсінтті. Әрі қатысушылармен кері байланыс орнату үшін викториналық сұрақ-жауаптарды әзірленді. Оған діни ағымдарға, мемлекеттік заңнамаға, қазақтың тарихына, салт-дәстүріне байланысты тақырыптар кірді. Ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар сыйға тартылды.