2024 жылдың 7 қараша күні Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы «Хан Шатыр» сауда ойын-саттық орталығында «Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды.


Іс-шарада *қатысушыларға* ұлттық құндылықтар, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, Қазақстан тарихы мен дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптейтін және деструктивті діни ағымның алдын алуға қатысты «сұрақ-жауап» викторинасы өткізілді. Ал, балаларға арналған отан, білім, ата-ана және т.б. тақырыптарда мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылды.

Сайыс жеңімпаздарына алғыс хаттар мен«Sulpak», «MonAmie», «Marwin» дүкендерінен және “FameCity” ойын орталығының сертификаттары табысталады.

Сондай-ақ қатарынан үшінші мәрте өтіп жатырған акцияға атсалып, волонтерлық қызмет етіп жүрген белсенді еріктілер алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Акция аясында елорда тұрғындарына деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескертетін, сенімді дереккөздердің, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімін, дін саласындағы заңнаманы және т.б. қамтитын 3 мыңнан астам ақпараттық брошюралар үлестіріліп, бейнероликтер көрсетіледі.
Іс-шараның мақсаты елорда тұрғындарын деструктивті діни ағымдар мен олардың қауіптілігі туралы хабардар ету, діни сауаттылықты арттыру және дін саласындағы заңнамамен танысу болып табылады.

Бұған дейін аталмыш шара «Аружан» ойын-сауда орталығы мен «Астаналық» базар аумағында өткізіліп, 6 мыңнан астам адамды қамтыған болатын.