«Мемлекет және дін: өзара әрекеттесудің заманауи тенденциялары»тақырыбында біліктілігін арттыру семинары
Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы елордамыздың мемлекеттік қызметкерлеріне «Мемлекет және дін: өзара әрекеттесудің заманауи тенденциялары»тақырыбында біліктілігін арттыру семинарын ұйымдастырды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің дін саласына қатысты біліктілігін арттыру болып табылды.
Семинарда Астана қаласы дін істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Басир С.А. алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің Ислам және қазақ құқығы орталығының директоры Сабдин А.К., ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының кафедра меңгерушісі Нұрмағамбетов Б.Ғ., «Kazdream» компаниясының сарапшысы Антипин А.Ю, Астана қаласы дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Даниярова А.П. баяндама жасады.
Шарада радикалды діни көзқарастың қоғамға кері әсері, дін және мемлекет қарым-қатынасы, интернет кеңістіктегі киберқауіпсіздік, дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтаржәне т.б. мәселелерге ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, бұл семинар Астанада әкімдігі тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып келеді.