АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі. Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді.
Мереке құтты болсын! Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілейміз. Еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын!