ОРТАЛЫҚТА МЕДИА-СТУДИЯНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Сәуір айының басы орталықтың әдемі жаңалығымен басталды.
Діндерді зерттеу орталығында халықты ақпаратты сауаттандыру мақсатында арнайы жабдықталған медиа-орталық ашылды. Ашылу салтанатына VIII шақырылымдағы Астана қаласының мәслихат депутаттары, Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қ.Д. Көшқалиев, мемлекеттік органдардың өкілдері және орталық қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Мәслихат депутаттары орталықтың елордадағы дін саласында атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Басқарма басшысы Қайролла Көшқалиев қаладағы діни ахуалдың жай-күйі мен дамуы, болып жатқан мәселелердің шешілу жолдарында туындаған өзгерістер мен алдағы жоспарларды атап өтті.