2024 жылдың қыркүйек айының 19-ы күні, “Діндерді зерттеу орталығының” Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, лектор - Қайдар Мирас және  РАНТ мүшесі,  «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің магистрі , Алматы қаласының  «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы - Серікхан Ахмадиев  Астаналық Цирк мекемесінің қызметкерлерімен кездесті

Кездесу барысында “ Жат діни ағымдардың ықпалынан сақ болайық! ” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Мамандарымыз дін мен дәстүр, елімізде тыйым салынған экстремисттік ұйымдар, жат ағымдардан сақтану жолдары, дәстүрлі құндылықтарымыздың маңыздылығы туралы ақпараттармен бөлісті.

Сондай-ақ қатысушыларға ақпараттық үлестірме материалдарын таратып, тыңдармандардың көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап берілді.