Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің көріністерін алдын алу,  дін мен дәстүр, елімізде тыйым салынған экстремисттік ұйымдар, жат ағымдардан сақтану жолдары, дәстүрлі құндылықтарымыздың маңыздылығы туралы ақпараттармен бөлісті. Кездесуге 220-ға жуық әскери қызметкер қатысты. 

Сондай-ақ қатысушыларға ақпараттық үлестірме материалдарын таратып, тыңдармандардың көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап берілді.