Елордалық Сервис және туризм колледжінде Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді 

Ағымдағы жылдың 10 қазанында елордалық АТТ мүшелері, Діндерді зерттеу орталығының лекторлары - Қайдар Мирас пен Айдарқұл Марлен Сервис және туризм колледжінде студенттік жастармен "Діни сауаттылық - уақыт талабы" тақырыбында 10 нүктелік ақпараттық – түсіндіру кездесулерін өткізді. 176 адам қамтылды.

Студенттерге дін саласындағы мемлекеттік саясат, зайырлы қағидаттар, Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдар, Интернет желісіндегі деструктивті діни ұйымдардың қызметі және т. б. туралы ақпарат жеткізілді. 

Сонымен қатар, барлық студенттерге деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескертетін, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдар туралы сенімді дереккөздердің тізімі, дін саласындағы заңнамалар және т.б. қамтылған ақпараттық брошюралар таратылды. Студенттердің барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.