Астана қаласының “Діндерді зерттеу орталығының” бөлім басшысы Нұрсұлтан Берікұлы Жаншин  Садуақас қажы Ғылмани мешітінің жамағатымен кездесті.

Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың қауіп-қатері және олардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндіріліп, қатысушылардың дін саласына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ қатысушыларға ақпараттық үлестірме материалдарын таратып, тыңдармандардың көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап берілді.