“Діндерді зерттеу орталығының” Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі -  Қайдар Мирас  Еуразия Ұлттық Университетінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жастар тәрбиесіндегі дін мәселелері, әлеуметтік желіде деструктивті діни ағымның ықпалына сақтандыру,  дін саласына қатысты заңнамалар тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ қатысушыларға ақпараттық үлестірме материалдарын таратып, тыңдармандардың көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап берілді.