Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде Астана қаласының Сарыарқа ауданы мектептерінің директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарларымен «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризм профилактикасының 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» отырысы өтті. 

Кездесу барысында жастар тәрбиесіндегі дін мәселелері, әлеуметтік желіде деструктивті діни ағымның ықпалынан сақтандыру,  дін саласына қатысты заңнамалары талқыланды. 

Семинар барысында «Kazdream» компаниясының сарапшысы Антипин А.Ю «Интернет кеңістіктегі киберқауіпсіздік», Астана қаласы дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Даниярова А.П. «Дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық» және Діндерді зерттеу орталығының теологы Нұрахметұлы А. "Жасөспірімдер арасындағы деструктивті діни ағымның белгілері және алдын алу жолдары" тақырыптарында баяндама жасады.

Кездесу соңыңда педагогтердің сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.