«Діндерді зерттеу орталығының» Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі  -  Қайдар Мирас Кәсіптік-техникалық колледжі студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында жастар тәрбиесіндегі дін мәселелері, әлеуметтік желіде деструктивті діни ағымның ықпалына сақтандыру,  дін саласына қатысты заңнамалар тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ қатысушыларға ақпараттық үлестірме материалдарын таратып, тыңдармандардың көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап берілді.