“Діндерді зерттеу орталығының”  Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі -  Мирас Қайдар Эталон базарында  ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің көріністерін алдын алу,  дін мен дәстүр, елімізде тыйым салынған экстремисттік ұйымдар, жат ағымдардан сақтану жолдары, дәстүрлі құндылықтарымыздың маңыздылығы туралы ақпараттармен бөлісті.

Сондай-ақ қатысушыларға ақпараттық үлестірме материалдарын таратып, тыңдармандардың көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап берілді.